Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАМБЫЛ ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА КӨРЕРМЕНДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСЕДІ

ЖАМБЫЛ ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА КӨРЕРМЕНДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСЕДІ

 

Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына орай Жамбыл облыстық филармониясының «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті өтеді. 
Атаулы концертте хандықтың туы тігілген тарихи өлке жайында әндер мен жыр-термелер орындалып, ұлт тарихын ұлықтап, Тәуелсіз еліміздің мәдениеті мен өнерін қастерлеу арқылы тамыры терең музыка өнері кеңінен насихатталады. 
Сонымен қатар филармония жанынан құрылған «Балауса» цирк тобының жеке концерттік бағдарламалары филармонияның залында 19-мамыр сағ. 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де өтеді. 
Концертте «Ақ кербез» ұлттық би ансамблі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Тараз» триосы, эстрада әншілері Н.Үсенова, Ж.Омаров, Ж.Кәдіров, Ғ.Мәтебаев, О.Азаматова, «Балауса» цирк тобы, және дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: