Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ» ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ» ӨТЕДІҚызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы дала әуендері» атты халықаралық деңгейде шара өтеді. 
22-23 маусымы аралығында Бұл шара фольклортанушы-ғалым, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жырау Алмас Алматовтың 60 жылдық мерейтойы аясында өткізіледі. 
Шараға Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия елдері мен Түркі Академиясынан ғалымдар мен айтулы өнер шеберлері қатысады.
Бағдарлама 22 маусым күні жырау, Алмас Алматовтың «Шыңғыснама» тарихи дастан кітабының, «Шыңғыснама» музыкалық эпосы (СД-диск) мен «Жыр керуені» кітабының тұсаукесері, «Өнер-түркі халықтары бірлігінің негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен басталып, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында сағат 17.00-де өтетін «Ұлы дала әуендері» атты дәстүрлі орындаушылардың концертіне жалғасады.
Өнер мерекесіне, белгілі өнер иелері айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, Елмұра Жаңабергенова, Айгүл Қосанова, Ақан Әбдуалиев, Амандық Көмеков, Ардақ Исатаева және Сыр елінің белгілі жыршы-жыраулары қатысады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: