Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» КЕШІ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» КЕШІ ӨТТІЖаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Жырлайды жүрек» атауымен қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. 
Бұл шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Кештің басты мақсаты қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және сол арқылы кешке қатысқан қонақтарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау.
Кеш Мұқағалидың өмірбаянынан бастау алды. Сондай-ақ, ақынның белгілі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы әсерлі сахналанып, Мұқағалидың сөзіне жазылған эстрада әндері шырқалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: