МОҢҒОЛИЯДА ТЕЛЕШОУҒА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ БАЛАСЫНА ТӨРЕШІ ҚЫЗ ҒАШЫҚ БОЛДЫ (ВИДЕО)
Әйгілі "Mongolia's Got Talent" телевизиялық жобасы Моңғолияда екінші рет өтіп жатыр. Іріктеу сатысынан өтіп, Ұланбатыр сахнасында төрешілер алдындағы алғашқы кезеңде 19 жастағы қазақ баласы Нұрбек "Молдабайдың әнін" орындап шыққан.
Бұл туралы Caravan.kz тілшісіне Моңғолиядағы қазақ блогері Жанарбек Ақыби хабарлады.
Монғолияның шоу жобасына қазақ әні орындалысымен 4 төреші таң-тамаша болды. Қазылар алқасындағы танымал скрипкашы Дегий тікелей эфирде әнші Нұрбекке "Маған қаншама жігітер ғашық болды. Сен маған ғашық болмайсың ба?" деп ұсыныс айтты.
Ал Нұрбек "Алдымдағы жарықтан көрмей тұрмын. Жаныңызға барып жүзіңізді көрейін" деген. Төрешілерден рұқсат алып, саханадан түсіп, өзіне ғашық болып отырған төреші Дэгийге бір ауыз сөзбен ән арнады. Содан кейін әнші "Қазір студентпін. Махаббатпен бас айналдырар уақытым жоқ. Бар зейінімді сабағыма бөліп жүрмін" деді.
Оқуымды бітреген соң бұл сұраққа жауап іздеймін» деп жауап берген. Қазақ жігітінің бұл жауабына бұртиған төреші "сен келесі кезенге өтпедің" дегенімен қасындағы үш төреші "Еш айтар сөзіміз жоқ, таңғажайып талант, дарын сенсің" деп 3-1 есебімен келесі кезеңге өткізген. Монгол телевизиялық шоуға қазақ ән-күймен келіп елді тәнті еткен 19 жасар жас әнші ғаламторда ел назарын аудартуда.