Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай музейдің мәжіліс залында «Татулық, достық - Бірлікте» атты ұлт өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Қазалы қаласында тұратын орыс, өзбек, татар, неміс, белорус, кәріс ұлтының өкілдері, қала әкімшілігі, мәдени қызметкерлері, мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Дөңгелек үстел басында жиналған қонақтар Ассамблеяға байланысты өз пікірлерін ортаға салды. Кеш соңы қонақтар үшін мұражайда арнайы саяхатқа жалғасты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай мұражай қорында сақталған өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін дәріптейтін тұрмыстық бұйымдардан және арнайы тіктірілген ұлттық киімдерден көрме ұйымдастырылды.