Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢАҚОРҒАН ӘЖЕЛЕРІ ЕРТЕГІ АЙТЫП ЖАРЫСПАҚ

ЖАҢАҚОРҒАН ӘЖЕЛЕРІ ЕРТЕГІ АЙТЫП ЖАРЫСПАҚ16 ақпан күні М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде "Әжем айтқан ертегі" атты әжелер байқауы өтеді. 
Байқаудың мақсаты үлкен мен кішінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мейірімділікке баулу, қарияларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, қазақтың салт-дәстүр,әдеп ғұрыптарын бойға сіңіру
Байқау 4 кезеңнен тұрады: "Тегін білу тектілік"- атты таныстыру кезеңі,"Өнер ағып жатқан бұлақ" атты өнер байқауы,"Ерте-ерте,ертеде" атты ертегі айту сайысы және "Он саусағынан өнері тамған" атты қол шеберлігі сайысы. Бүгінде байқау ұйымдастырушылары әрі мәдениет үйінің қызметкерлері З.Шалабаева мен Г.Байтөреева ауылдық округтерде іріктеу кезеңдерін өткізу үшін М. Нәлібаев, Түгіскен, Сүттіқұдық ауылдарында болып қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: