Арал қаласындағы № 13 орта мектептің жанынан тағдыры Арал өмірімен тығыз байланысты болған Тарас Григорьевич Шевченконың ескерткіш бюсті ашылды. Бұл - ақынның 200 жыл толуына орай өткізілген шараның бірі болатын.
Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан ардагерлері мен білім саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары қатысты. Мектеп ғимаратының акт залында ақын шығармаларының тұсаукесері өткізіліп, Қазақстандағы Украин елшісі С.Бобошкомен кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ақынның «Қосарал», «Заповед» өлең жырлары оқылып, естелік сөздері айтылды.
Менің күнім мәңгі күліп шығады,
Сөнбес нұрлы шаңырағымның шырағы.
Бүкіл әлем кішірейіп алдымда
Қаламыма сыйып кетіп тұрады – деп ақын жырлағандай, оның артында өз халқы ғана емес, қазақ халқы да құрметтеп, еске алатындай мол мұра қалды.