ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Бүгін Қазалы ауданында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» атты Қызылорда қаласының мәдени күндері өтті.
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов бастаған делегация аудандағы 18 көпқабатты тұрғын үйдің және «Қазалы-Керуен» логистика орталығында болды. Сонымен қатар, «СПК Қызылорда Балық», «Қазалы-конфет» кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Делегация Қазалы ауданының тарихынан сыр шертетін 50 жылдық тарихи бар Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінде болды.