Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЛА МЕРЕЙТОЙЫНА МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ


Қызылорда облысы бойынша қаланың 200 жылдығына орай, әртүрлі бағытта жыл басынан бері 40-қа жуық әртүрлі мәдени шаралар өткізілді.
Облыс көлемінде 1 халықаралық, 4 республикалық, 6 облыстық және 25 қалалық шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда,
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен осы жылдың ақпан айында «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тамыры терең, тарихы кенен Қызылорда!» атты республикалық жас ақындар айтысын өткізді.
Сондай-ақ, осы жылдың наурыз айында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілерінің және «Үздік әдіскер» облыстық байқаулары ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: