Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентіндегі "Этно саябақта" өтіп жатқан Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мейрамына арналған салтанатты шараға қатысқан аудан əкімі С.Мақашов, мерекелік түрлі шараларды тамашалады.
Оның ішінде ең қызығы ата бабаларымыздан қалған салт-дәстүр тұсау кесер рәсімінде Байназаровтар əулетінің Бақдəулет есімді ұлдарының тұсауын кесіп,алғаш басқан қадамына сəттілік тіледі.