Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жайдарманшылар "Арал айдынында" кездесті

Жайдарманшылар "Арал айдынында" кездестіАрал аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің кубогы үшін мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Арал айдынында» атты жайдарман сайысы өтті. 
Аталмыш КВН ойынының ұйымдастырушылары — аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «АралАС» КВН командасының шығармашыл жастар тобы және «Ғайберен» қоғамдық бірлестігі. Шындықты әзілмен жеткізетін көңілді тапқырлар сайысына аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Қазына Уткелбаева, «АралАС» КВН командасының жетекшісі Ғалым Махамбетов, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әлібек Ізбасаров, «Жас Арал өрендері» ЖҚБ-нің төрайымы Мөлдір Маханбетжанова, «Жаснар» жайдарман тобының мүшесі Айдос Кемаділдаев төрелік етіп, дарынды жастарға әділ бағаларын берді. Бүгінгі жайдарман сайысына ауданнан 5 команда қатысты. «Сәлемдесу», «Бес әзіл», «Қайым айтыс» кезеңдері бойынша өткізілген ойын нәтижесінде I орынды №262 мектеп-гимназиясының «Жас NEW» командасы иеленіп, аудан әкімінің кубогын жеңіп алды. IІ орынды «Сапақ жастар құрамасы», ІІІ орынды аудандық оқушылар үйінің құрама тобы еншіледі. Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталып, өзге жайдарманшылар Алғыс хатпен марапатталды. Атап өтейік, аудан әкімінің жүлдесіне өткізілген КВН сайысында «Үздік әзіл» номинациясына оқушылар үйінің құрамасы, ал «Үздік ойыншы» номинациясына «Сапақ жастар құрамасының» белсенді ойыншысы Мархабат Абзалов лайық деп танылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: