Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНАДЫ

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНАДЫ

 

Қыркүйек айының ішінде Қызылорда қаласының күні атап өтіледі. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев жергілікті БАҚ өкілдерімен жүздесті. 
Қала мерекесінің қарсаңында тағы бірнеше әлеуметтік нысандарды ашу көзделіп отыр. Атап айтқанда, балабақшалар мен кәсіпкерлік нысандардың тұсауы кесілмек.  Сонымен бірге, жақында облыс орталығының Шиелі жақ тұсындағы кіреберістен қақпа салынғаны белгілі. Енді Тереңөзек бағытынан осындай орын қала күнінде көпшілікке тарту етілмек.
Сонымен қатар, ол күндері қалада көптеген іс-шаралар атқарылады. Атап айтсақ, қыркүйектің 19-23 аралығында балалар арасында футболдан жарыс өткізілмек. Сосын үлкендер мен бүлдіршіндерге арналған түрлі эстафеталық жарыстар ұйымдастырылады. Одан бөлек, «Сыр сүлейлері» аллеясында қолөнер шеберлерінің, ұлттық тағамдар көрмесін өткізу көзделіп отыр. Оған аудандар да қатыстырылатын болады. Ал қалаға қарасты ауылдардың  қолдауымен «Шұбат-қымыз» фестивалі көпшілікке ұсынылады.
Айтулы мереке қарсаңында жәрмеңке өткізуді де ұмыт қалмайды.Сосын тұрғындар назарына кешкі концерт ұсынылады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: