Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЫҢ БАЛА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЫҢ БАЛА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 

Бүгін "Достық үйінің" мәжіліс залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық байқауы өтті. 
Бұл шараны Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассемблеясының хатшылығы мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырды. 
Байқауға "Қоғамдық келісім" КММ-нің аға сарапшысы, тілдерді үйрету кабинетінің жетекшісі Ш.Әбдіраманова, алқа мүшесі, "Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы" МКҚК-ның маманы Ә.Бахытова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филоллогия ғылымдарының кандидаты А.Әбілов әділ-қазылық етті. Байқау: "Асыл сөз мектебі" шешендік өнер, "Тәуелсіздік-тірегім " тақырыбында мәнерлеп оқу, эссе жазу бағыттарында өтті."Асыл сөз мектебі" шешендік өнері бойынша Жалағаш ауданынан №31 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сетраков Брадислав қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Аталған жобаның негізгі мақсаты-өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: