Қазақ әні ТМД кеңістігіне өзін мойындатып үлгерді. Біз бұған милетшілдікпен қуанамамыз. Бірақ, осы «Ән мен әншімізді» насихаттау жағы жоғары жақ тарапынан жетіспейді. Дегенмен, қазақ әнінің қазіргі жеткен биігі өзі турасында жеке сөз етуді қазақ қоғамынан талап ете бастады.
Ресеймен достығымызды алға тарта отырып, танымал әншілерімізді ондағы түркі тілдес елдерге ән-сапармен шығаруды жолға қоятын кез жетті. Ресейдің ТМД төңірегіне танымал әншілері ендігі жерде қазақ елінде өз тыңдарманын таба алмайды. Бұл жете ескеретін факті.
Енді біз сөз етпек болған жайт татардың өз тілінде 24 сағат хабар танытатын қос музыкалық арнасы қазақ әндерін жергілікті колоритпен өзгеріске ұшыратып, ұлттық нақыштарына бейімдеп өз қарларына тарта бастады. Жақында Заттыбек Көпбосынұлының орындауындауындағы «Жаным» әнін ТР белгілі әншілері ерлі-зайыпты Дина мен Рафэль Латыйповтар өз репартуарына кіргізіп, татар телекөрермендеріне ұсынғаны. Ән татар мәнерімен «яным» емес, қазақ мәнерімен «жаным» деп шырқалды, әрі атауы да «Жаным» деп жазылғанымен қазақ әні деген анықтама берілмеді. Бұл жиендік пе, әлде Заттыбек бауырымызбен араларында келісімдері бар ма осы арасын біле алмадық.
Өйткені, өзбек пен қырғыздың танымалдығы шамалы әндерін хитке айналған қазақтардан татарлар да өз дәстүрлі әуендерін қазақи мәнерде өзгерте бастағаны қазақ мәдениетінің түркі әлемінде өз рухани миссиясы барлығын танытып тұрған жоқ па деген ойда қалдық. Біз алдағы 4-5 жылда қазақ әнінің әлемдік кеңістікте атойлайтынына нық сенеміз. Татарлар бұған дәлел.