Құрметті достар! Қалдыбай ағамызыдың денсаулығы күн санап нашарлауда. 1986 жығы желтоқсан көтерілісі туралы «Аллажар» филімінің қоюшы режиссері, сценарисі Қалдыбай Әбенов ағамызды танымайтын қазақ жоқ. Ол алғашқылардың бірі болып 1989 жылы «Желтоқсан» ұйымының негізін қалады.. Мұхтар Шаханов ағамыздан басқа, желтоқсаншылардың ақталуына бірден-бір себепшісі болған «АЛЛАЖАР» филімі. Бұл Қалдыбай ағамыздың төккен маңдай тері.
М.Шаханов ағамыздың орны бөлек. Ол — әлем таныған ерекше тұлға, қазақ ұлтының байрағы.
Осыдан төрт жыл бұрын инсульт пен инфаркті қатар алған Қалдыбай ағамыздың денсаулығы күн санап барған сайын нашарлауда. Гормоналдық дәрі дәрмектің арқасында әрең жүреді. Денесінің бір жақ беті сал (парализован) болып қалғандықтан, далаға серуендеуге шығару үшін адам көмегінсіз жүре де алмайды және киіне де алмайды.
Алаш азаматтары! Қазақ ұлтының ар-намысын қорғап, желтоқсан көтерілісінің және желтоқсаншылардың абыройын биікке көтере алған, Қалдыбай ағамызға ел болып жұмыла көмектесейік. Керек болса шетелге де жіберейік. Сын сағаты кезіне Қалдыбай ағамыз біздерге қол ұшын созды, ендігі қол ұшын созу біздің кезекте.
Осы себепке байланысты АҚ «Қазақстан Халық банкісінде» (HALYK BANK) Қалдыбай ағамыздың атына есеп шот ашылды. Шамаларың келгенше, азаматтық қол ұшын созуларыңызды сұраймын.