Қызылорда қаласында аралдық суретші Берік Бөкешовтің «Аралдың асау толқыны» атты сурет көрмесі өтіп жатыр.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмеге қыл қалам шеберінің 51 туындысы ілінді. Оның ішінде тарихи жанрдағы – 3 картина, 10 натюрморт, салт-дәстүр тақырыбында 12 картина бар, ал қалғанының барлығы Аралдың тарихына арналған.
Еске салайық, аралдық суретшінің туындыларын облыстық көркем сурет галереясынан 30 қыркүйекке дейін тамашалауға болады.
Айта кетейік, Берік Бөкешовтің туындылары бұған дейін Дания, Германия, Жапония, Ресей, Қызғызстан және Өзбекстан елдерінде көрсетіліп, қазір коллекционерлер қорында сақтаулы тұр.