Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА АЗАМАТТАРҒА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ

АРАЛДА АЗАМАТТАРҒА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай  Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов бірқатар азаматтарды арнайы алғыс хатпен марапаттады. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Марапатқа төмендегі азаматтар мен азаматшалар ие болды. Олардың қатарында «Аралтұз» акционерлік 
қоғамының жұмысшысы Мейрамкүл Сақтағанова, Сексеуіл кентінде байланыс саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагер Татьяна Островская, «Қамқор-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі Бақыт Сүлейменова, «Семей-Невада» қоғамдық 
бірлестігінің төрағасы Серік Өтебалиев, «Камбала балық» 
балықшылар өндіріс орталығының балық өңдеушісі Айнагүл Найзабекова,  «Арал тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диспетчері Индира Жиенбай, «Нұрдаулет»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айжан Төремұратова, жеке тігін шеберханасының иесі Әсия Келжанова, №14 мектеп-лицейінің тарих  пәнінің мұғалімі Надежда Гришаева, №83 орта мектебінің  математика пәнінің мұғалімі Сара Еңсепова бар. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: