Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ

ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ауылдарда болып, ондағы елдің тыныс-тіршілігімен етене танысып қайтты. 
Аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбековпен бірге әкім алдымен Ү.Түктібаев ауылындағы халықпен кездесті. 2017 жылы Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ауылда бірқатар жұмыстар атқарылатындығын айтты. Мерейтой қарсаңында ауыл мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелер жаңартылмақ. 
Майдакөл ауылының тұрғындарымен болған жүздесуде әкім халық көкейінде жүрген бірнеше мәселелерге тоқталды. Ауылдағы №98 мектептің құрылысы басталатындығын қуанышпен жеткізді. Сондай-ақ, биыл облыс әкімінің қолдауымен Әйтеке би кентінде аудандық аурухана құрылысы басталмақ. Енді аудан халқы өзге облыстарға бармай-ақ, жаңа аппараттар арқылы сапалы ем қабылдай алады. Таза ауыз сумен қатар, биылғы жылы апатты жағдайдағы 5 мектеп мәселесі түбегейлі шешімін таппақ. 
Еңбек етуге ықыластары ерекше Бекарыстан би ауылының тұрғындарымен кездескен аудан әкімі бақшалық жерлерді қоршауға, суын жеткізу мен алынған өнімдерді өзге облыстарға қиындықсыз өткізуге қолдау білдіретіндігін жеткізді. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары жастарды еңбекке баулып, адал табыс табуға шақыратын осындай жұмыстардың қолға алынғандығына риза екендігін айтып, аудан басшысының жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді. Осындай кездесу Өркендеу, Бірлік, Қожабақы ауылдарына жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: