Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АЯУЛЫ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

АЯУЛЫ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕЖаңақорған аудандық кітапханасында еліміздің өмірінде әйелдер қауымы тигізген үлкен үлесі жайында кітап көрмесі өткізілді. Көрме үш бөлім бойынша өткізілді. 
Алғашқы «Қазақстанның іскер әйелдері» бөлімінде ҚР-ның «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы заңы», еліміздің гендердік саясатының материалдары мен құжаттары қойылды. Олар: «Қазақстандағы гендерлік зерттеулер», «Гендерлік зерттеулер, гендерлік саясат және Орталық Азиядағы әйелдер қозғалысы себебін анықтау», «Қазақстандық іскер әйелдер» және т.б. материалдар топтастырылды.
Ал келесі «Ана - ғұмыр» бөлімінде Қазақстан ақын-жазушыларының, көрнекті қайраткерлердің Ардақты Аналар туралы еңбектері қойылды. Олардың арасында белгілі жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың таңдаулы драмалық туындылары, қазақ халқының қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлының «Музей апа» атты әңгімелер жинағы, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың еңбектері және т.б. кітаптар қойылды. 
Сондай-ақ, «Қазақстан өнерінің жұлдыздары» 
Бұл бөлімге Кеңес Одағының халық әртісі, қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова, ҚР Халық қаһарманы Роза Бағланова, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, халық әртісі Шара Жиенқұлова, Әмина Өмірзақова және тағы да көптеген аты танымал әйелдер туралы кітаптар мен құжаттар қойылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: