Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ТІЛ ШЕБЕРІ-2016» АТТЫ АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

«ТІЛ ШЕБЕРІ-2016» АТТЫ АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІАрал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастарды анықтау мақсатында «Тіл шебері-2016» аудандық байқауы өткізілді. Байқауға қала және аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінен талапкерлер қатысты. Байқау үш аталымнан тұрды.
«Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру; 
«Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру; 
«Өнертаным» – 7 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсу. 
Байқауға қатысушы талапкерлер үш тілде орфоэпиялық тұрғыда таза сөйлеуіне, тілдерді меңгеру деңгейіне, жауаптың орамдылығы мен сапасына, киім кию тәртібіне байланысты бағаланды. Қорытынды бойынша І-орынды №83 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Құрманова Гүлнұр иеленсе, ІІ-орынды Сексеуіл кенті №231 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жақсылықова Данагүл мен №262 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Дурусбергенова Бағлан бөлісті. Ал ІІІ-орныға № 13 мектептің мұғалімі Бибулатова Гүлнар мен № 19 мектептің мұғалімі Жарасбаева Гүлім ие болды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Сондай-ақ «Тіл шебері-2016» аудандық байқауының жеңімпазы №83 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрманова Гүлнұр облыста өтетін облыстық «Тіл шебері-2016» облыстық байқауына жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: