Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МАЙДАНГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ЖАСАЛДЫ

МАЙДАНГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ЖАСАЛДЫ

 

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Жеңістің 71 жылдығына орай шығарылған «Қазақстандықтар - Ұлы Жеңістің Батырлары» атты екі томдық кітаптың Сыр өңірінде тұсауы кесілді. 
Тұсаукесер рәсіміне ҰОС ардагері Ыдырыс Қалиев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткен салтанатты шараны облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жүргізіп, аталмыш туындының мазмұны мен маңыздылығын таныстырды. Сондай-ақ, «Бұл туынды Ұлы Отан Соғысы батырлары мен Халық қаһармандарының ерліктері туралы мәліметтерді жариялау үшін ғана жазылған жоқ. Оның басты мақсаты – жас қазақстандықтар үшін өз елінің батырларының ерліктерін еске сақтау, олардан үлгі алу, Отанды қорғау, қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу сынды тарихи дәстүрлерді жалғастыруды насихаттау екенін атап өтті. 
Шара соңында аталған кітаптың бір данасы облыстық ардагерлер үйіне, екінші данасы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-не салтанатты түрде табысталды. 
Айта кету керек екі томдық туынды партияның Қоғамдық саясат институтының «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік гуманитарлық зерттеулерді интеграциялау институтымен бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Аталған жобаның демеушісі Еуразиялық Топ (ERG).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: