Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МЕРЕЙТОЙҒА МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ


Қазірге дейін облыс бойынша қаланың 200 жылдығына орай әртүрлі бағытта 40-қа жуық мәдени шаралар өткізілді.
Қызылорда қаласының қос ғасырлық мерейтойын атап өту бағытындағы мерекелік іс-шараларды дайындау мен өткізу екі негізгі бөлім бойынша жүргізіледі. Біріншісі 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығын қамтиды. Ал, Қызылорда қаласының 200 жылдығын мерекелеудің келесі бөлімі бойынша 28 қыркүйек күні өтетін негізгі шаралар жүргізіледі.
Бірінші бөлім бойынша ірі көлемді шаралар бойынша әзірленген желілік кестенің жобасы әзірленді. Желілік кестеге жауапты мемлекеттік мекемелер айқындалып, шаралар 3 деңгейге топтастырылды. Облыстық деңгейде 17 шара өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде аудандар қала мерейтойына орай мәдени шаралар өткізеді. Бұл шаралар барысында әрбір аудан қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.
Мерейтой 23 қыркүйекте қала әкімдігіне қарасты Тасбөгет кентінің 70 жылдығын атап өту шарасынан басталды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бағытында «Өнерім саған, Қазақстан!» атты облыстық фестиваль өткізіп, дәстүрлі облыстық еңбек форумы ұйымдастырылады. Ал, «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері толықтай қамтылып, 1000 отбасыға көмек көрсетіледі.
Қызылорда қаласының 200 жылдығын мерекелеудің негізгі шаралары 28-29 қыркүйек күндері өткізіледі. Бұл күні «Сыр Ана» монументінде «Этноауыл» фестивалімен ашылып, ол «Сыр сүлейлері» аллеясында өтетін «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» фестиваліне ұласады.
Басты жаңалығымыз – дәл осы күні Сырдария өзенінің сол жағалауының тұсаукесері шарасы болады. Атап айтқанда сол жағалаудан бой көтерген «Рухани жаңғыру» орталығының ғимараты пайдалануға беріледі.
Ал, жыл соңына дейін осы аумақтан жаңа тұрғын үйлер мен 320 орындық балабақшаның құрылысы ел игілігіне айналады деп күтілуде.
Н.Бекежанов атындағы драма театрында Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған салтанатты шара өткізіледі. Оған мәртебелі меймандар мен облыс активі қатыспақ.
Салтанатты шара барысында қоғам қайраткерлеріне, аймақтың қоғамдық-саяси, экономикалық дамуына үлесін қосқан бірқатар азаматтарға арнайы әзірленген мерейтойлық медаль табысталады. Мерекелік шара соңы гала концертпен қорытындыланады. Мерейтой барысында бұдан басқа да іс-шаралар халық назарына ұсынылатын болады. Ол қалаға қарасты ауылдық округтерді де қамтитын болады. Жалпы, 200 жылдық мерейтойлық шаралар біздің өңірімізде жыл басынан бастау алды. Бұл шаралар тек қаланың өзінде ғана емес, қалаға қарасты елді мекендерде де ұйымдастырылуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: