Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

СЫР СҮЛЕЙІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 СЫР СҮЛЕЙІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІҚармақшы ауданы Ақжар ауылында Ақжар ауылдық клуб үйінде жырау Бидас Үрістембековтің 65 жылдық мерейтойына орай "Асылдың сынығы, алтынның көзі"тақырыбында жыр-сұхбат кеші өткізілді. 
Кеште жыр жүйрігі Бидас Үрістембековке ауданның айтыскер ақыны Тұрар Бекмұрзаев арнау жырын жолдаса, ауыл әкімі Құрманғали Мүсіркегенов және №28 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зәбираш Сарыбаева апай сый-сияпат жасап, иығына шапан жапты. 
 Ауыл ақсақалы Тұрабай Саметов ақ батасын берді. "Рүстембек жырау" үйірмесінің оқушылары Ахметова Гаухар, Ахметова Ұлдана, Шоңбаева Динара, Тұрлығұлова Жұлдызай, Хасенова Фаризалар және үйірме жетекшісі Бедебаев Балтабайлар жырдан шашу шашты. Көпшілік риза көңілмен тарасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: