Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жаңақорғанда ҚХА құрылымдарының отырысы өтті

Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясындағы «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» көш керуенінің кезекті аялдамасы Жаңақорған ауданы болды.


Іс-шараның мақсаты – өңірдегі этносаралық татулықты, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ Ассамблея институттарының қоғамдағы рөлін арттыру.
Бағдарлама аясында облыстық ҚХА-ның Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ және Ақпараттық-түсіндіру тобы өкілдерінің қатысуымен бірқатар мазмұнды кездесулер өтті.
Ақсақалдар кеңесінің отырысында рухани құндылықтарды дәріптеу мен ұрпақ тәрбиесі сөз болды.
Аналар кеңесі мүшелері отбасылық құндылықтар мен әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы ойларымен бөлісті.
Ал «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбындағы кездесуде қоғамдық келісім мен әділетті қоғам құру мәселелері талқыланды.
Көш керуеніне облыстық және аудандық ҚХА құрылымдары, медиаторлар, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.
Шараға ҚХА ардагері Рахима Ахметова, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жақсыбай Жакеев және Ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Бауыржан Үсенбаев қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Көш керуені соңында қатысушылар өңірде бірлік пен өзара түсіністік мәдениетін нығайту бағытында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: