Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Төреғали Төреәлінің әйелімен дуэт дайындап жатқаны рас па


Желіде әнші Төреғали Төреәлі мен әйелінің түсірілім барысындағы видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа бейнебаянда жұбайымен дуэт айтып жатыр деп болжаған. Бұл туралы
KAZ.NUR.KZ жазады.
Оқырмандарын қызықтырып қойған түсірілімбарысындағы видеоны Төреғалидің өзінің Instagram парақшасында жариялаған.
Кадрда ол келіншегімен бірге классикалық образдарда бой көрсетті. Жұбайлардан бөлек видеодан өзге бір ару да байқауға болады.
Дегенмен желідегілер бірден белгісіз арудың даусын шоу-бизнес жұлдызының жары Толқынның даусына ұқсатып, ерлі-зайыптылар бейнебян түсіріп жатыр деп болжаған.
"Толқынның даусы ма? Қандай керемет" , "Білгенмін екеуіңіз дуэт айтатындарыңызды" , "Тамаша, Толқынның даусы жақсы екен ғой" , "Әнді Толқымен айтып жатырсыз ба? Даусы керемет екен" , "Толқын екеуіңізге қатты қызығамын. Сондай жақсы жұпсыздар" , - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік күні кеше YouTube желісі дәстүрлі түрде ең танымал әрі қаралымы көп бейнетаспалар мен фильмдердің ондығын ұсынды.
Рейтингте Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала баласы" комедиясы ең көп қаралым жинап, ондықтың көшін бастаған.
View this post on Instagram

soon .. #ТТТ #DI

A post shared by Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali) on



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: