Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 10 БАЛАЛЫ ӘРІПТЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 10 БАЛАЛЫ ӘРІПТЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫТасбөгет кентінде тұратын Гүлбану Жеткербаева еліміздегі 10 балалы ең жас ана болып табылады. Шарана үнін шаңырақ шаттығына балаған нәзік жанды әйел жақында ғана егіз ұлды бауырына қысты.
Гүлбану көп балалы болумен бірге еңбектен де қол үзген жоқ. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып еңбек етеді. Ұжым мүшелері өзгеге өнеге көрсетіп отырған Гүлбануды мақтан тұтады. Олар жақында әріптестерінің қуанышымен бөлісті. 
Гүлбану тұңғышын 19 жасында босанған. Бұл отбасының үлкені Айдарбек 11 сыныпта оқиды. Егіздің алдындағы қызы 3 жаста.  Жас "Батыр Ана" денсаулық берсе, әлі де шаңырағын шарана шаттығына бөлегенді артық санамайды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: