Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапxанада «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізіндегі жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Оны Қазақстан xалқы ассамблеясы және Қызылорда қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастырды. Шара барлық республика бойынша бір мезетте ұйымдастырылды. Ашық диктантты облыс бойынша 1530 адам жазып, жоғары сауаттылық деңгейін көрсетті.