2015 жыл шоу-бизнес өкілдері үшін қуанышпен басталды. Бірі отбасын құрды, енді бірі перзент сүйіп шаттануда. Осыған дейін жұлдыздарымыздың қуанышын тізбектеп, жазып келеміз. Бүгінгі мерекенің жөні тіптен бөлек.
Сахнадағы өнері отбасылық өмірге жалғасқан жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның шаңырағында домбыраның қос ішегіндей егіздер дүниеге келді. Екеуі де ұл. Үш бірдей ұлға өмір сыйлаған өнер иелеріне отбасылық бақыт тілейміз.