Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жаңарған қаланың жасанған келбеті


Іргесі қаланғанына екі ғасыр болған тарихи шаһар өз мерейтойын айтулы жетістіктермен қарсы алуға әзірленуде. Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Қаланың инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, шаһар қарқынды құрылыс алаңына айналды.
Соңғы 5 жылдың ішінде Қызылорда қаласының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды. Қазір еліміз бойынша қала­ішілік су құбырлары 70 проценті толық жаңартылған, толығымен таза жерасты ауыз суын тұтынып отырған бірден-бір қала – Қызылорда.
Шаһарда жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соңғы 5 жылда қаладағы магистральды жылу желілерін жаңартуға 8 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Қалаішілік қоғамдық көлік қаты­насының сапасын арттыру мақсатында жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жаңа үлгідегі автобус паркі пайдалануға берілді. Бұл парктің ерекшелігі қо­ғам­дық көліктердің техникалық жағ­­дайын бақылаудан бастап, көлік жүргізушілері мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға қажетті барлық материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан оқушылар мен студенттердің қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруіне облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
Соңғы жылдары Қызылорда қала­сында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты. Осын­дай ауқымды жобалардың нәти­жесінде, соңғы 5 жыл көлемінде қала­мызда жаңадан 14 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық адам жаңа пәтерге ие болды. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 43,8 проценті Қызылорда қаласының үлесінде.
Былтыр Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауынан жаңа қаланың құры­лысы басталды. Сол жағалауда құры­лыс компанияларының өз қара­жаты есебінен 5 қабатты 18 тұрғын үй, 320 орындық балабақша, «Болашақ» уни­верситетінің студенттер қалашығы, жастар орталығы салынуда. Осы аумақ­та көпсалалы облыстық аурухана, мектеп, мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік аясында емхана құрылысын салу жос­парланған.
Қызылорда қаласында апатты жағ­дайдағы тұрғын үйлердің мәселесі түбегейлі шешілді. Соңғы 5 жылда қала бойынша 123 көпқабатты тұрғын үй күр­делі жөндеуден өткізілді.
Қалаға қарасты бірнеше елді мекендер көгілдір отынға қол жеткізді. Бүгінде Қызылорданың газдандыру көрсеткіші 100 процентке жақындап қалды.
Соңғы 5 жылда қалада жол құры­лысын дамытуға 23 млрд теңгеден ас­там қаржы тартылып, 500 шақырымға жуық жол орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті.
Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 50 %-і Қызылорда қаласының үлесінде. Жыл сайын кәсіпкерлердің қаражаты есе­бінен жүздеген кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан жұмыс орындары ашылуда.
Әр атқарылған істің әділ сыншысы, адал ниетті қолдаушысы – ха­лық қала инфрақұрылымының адам­дарға ыңғайлы бола түскеніне, өмір сүруге қолайлы қалаға айналудың алғы­шарттары күннен күнге көбейіп келе жатқанына дән риза. Өйткені мұндағы әрбір тұрғын қаланың дамуына, өмір сапасының жақсаруына мүдделі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: