Қызылорда қаласындағы ІІІ ірілендірілген квартал, нөмірсіз (бұрынғы облыстық әскери комиссариат) ғимаратта орын тепкен көркем сурет галереясында 22-26 сәуір аралығында «Частная коллекция князя Азата Акимбека» жеке көрме өткізіледі.
Онда Қазақстанға және әлемге танымал коллекционер, Париж Гильдиясы антикварларының құрметті мүшесі, «Мінсіз іскерлік беделі» үшін халықаралық алтын медалінің, Италияның «Әлем үшін Рыцарлық крест» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Азат Әкімбектің туындылары көрермен назарына ұсынылады. Айта кетерлігі, бұл көрме Қызылорда қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Аталмыш шара Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналады.
Көрмеге Орта Азия мен Қазақстанның сәндік қолданбалы өнер туындылары қойылады.