Бүгін, 12 қазан күні сағат 19.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы сахналанады.
Пьеса авторы көрерменге тағдырмен күресу үшін таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керектігін ұқтырғысы келеді. Психологиялық драманың мәні туған ел, туған жермен қатар туған шаңырақ пен ата-ананың алдында перзенттік парыз барын паш етеді.
Жас режиссер Ақтөре Оразалы әзірлеген жаңа туындыны тамашалаңыздар!