Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!


Елбасымыз шілденің бірінші жексенбісін – Ұлттық домбыра күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа, жарқын мерекеміздің алғашқы тойы биыл 1 шілдеге сәйкес келді.
Осы күні, яғни 1 шілде сағат 10.00-де облыс орталығындағы «Сыр сүлейлері» аллеясында Домбыра мерекесі тойланады. Домбырамен күмбірлетіп күй төккенде елікпейтін қазақ жоқ шығар, сірә! Олай болса, келіңіздер, халайық, қос ішектің күмбірімен көңіліміздің қос қанатын жазып, Сыр аспанында қалықтайық.
Сонымен бірге әрбір қасиетті қара домбыраны жанына серік еткен, әуесқой домбырашылардың барлығын осы шараға еркін түрде, өз ынтасымен қатысып, өнерлерін ортаға салуға шақырамыз! Туған қаламыздың аспанын күмбірлеген күйге бөлейік, Ұлы өнер сыйынан құр қалмайық, ағайын!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: