Қазалы ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бабалар ерлігі – тәуелсіздік тірегі» атты айтысында павлодарлық Аспанбек Шұғатаев бас жүлдені жеңіп алды.
Жұрт алдында кестелі сөзбен өрнек өрген 10 ақын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазақ жұртының еркіндігін әспеттеп, Бегім ана, Жалаңтөс батыр, Асандар көтерілісінің құрбандарын дәріптеді. Ой жүйріктігі мен көркем тілге шешендігін байқасқан бес жұптың ішінен тауып айту шеберлігі жоғары бағаланғандары екінші айналымға жіберіліп, үздіктері анықталды.
Жүрсін Ерман жүргізген айтыс қорытындысында қызылордалық Мұхтар Ниязов - бірінші (500,0 мың теңге), астаналық Сырым Әділбеков – екінші (300,0 мың теңге), тараздық Рай Дөңбай үшінші (200,0 мың теңге) орынды иеленді. Ақындарды аудан әкімі Нажмадин Шамұратов құттықтап, Қазалы жеріне келіп, елдік пен ерлікті жырлап, қазақ жырының мәртебесін көтергені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, айтыс жеңімпазы Аспанбек Шұғатаевқа жеңіл автокөліктің кілтін табыстады