АҒА ҰРПАҚТЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН КИЕЛІ ОРЫНДАРДЫ БҮЛДІРУ ЖИІ ОРЫН АЛУДА.
ҚАЛАДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫ ЕСКЕРТКІШІ МАУСЫМ АЙЫНЫҢ ӨЗІНДЕ ҮШІНШІ МӘРТЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР.
Жас ұрпақтың теріс іс-әрекеттері салдарынан ескерткіш аумағында бірнеше қайтара «бүлдіру-сындыру», «вандализм» әрекеттері тыйылмай келеді. Маусым айында бұл теріс әрекет 3 мәрте тіркелген. Бұл әрекеттің барлығы осы аумақтағы жасөспірім балалардың вандализм әрекетінен орын алған.
Құрметті қала тұрғындары! Ата-аналар!
Еліміздің болашағы саналатын бала тәрбиесінде аға ұрпақтың жасаған еңбегіне қойылған осындай дүниелерді ұлықтауда зор мән беруге, аллея-скверлердің бұзылуына жол бермеуге және осындай іс-әрекеттердің орын алуын алдын алуға шақырамыз!