Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Карантинге қарамастан той жасаған Төреғалидың отбасы құзырлы органның көзіне түсіп қалды

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі осы көктемде тұрмысқа шыққан, бірақ карантинге байланысты тойлары кейінге қалдырылған еді. Алайда, бірнеше күн бұрын олардың үйлену тойының видеолары әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Фариза Төреәлі 2019 жылы спортшы Дархан Нортаевтың өзіне жар болуын сұраған ұсынысын қабыл алған. Осы жылдың мамыр айында мұсылман шартымен үйлену рәсімі өтті. Ал үлкен той карантинге байланысты кейінге қалдырылған еді.
Бірақ, олар еліміздегі карантин шараларын толықтай алынып тасталуын күтпестен, ақыры айтулы оқиғаны жақында дүркіретіп атап өтті.
Инстаграммда танымал әнші Мақпал Жүнісова сол үйлену тойынан түсірілген видеоны жариялады. Ол тойдың үйде болғанын, сондықтан аяқ-киімді шешіп қойып, билегендерін жазған.
Тағы бір видеоны орналастырған әнші ол арада Төреғали Төреәлінің қарындасының салтанатты кешінде болғанын, жас жұбайларға бақыт тілейтінін жазыпты.
Бұл видеолар тәртіп сақшыларының назарынан тыс қала алмады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі бұл фактіге байланысты шұғыл іске кірісті.
- Алмалы жергілікті полиция қызметі тойды ұйымдастырушыларды анықтады. Бұл заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Тауар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: