Жалағаш ауданындағы білім ошақтарында "Бер ел – бір кітап" акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – ел тәуелсіздігін тұрақтандыруда ерен еңбек, зор күш-қуат жұмсаған бірегей тұлға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың болмысын таныту. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен жастар арасында Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабын таныстыру және насихаттау.
Аталмыш шараны аудан орталығындағы Т.Жүргенов атындағы №123 орта мектебі мен №202 орта мектептері өте жоғары деңгейде өткізді.
№123 орта мектептің кітапханашысы С.Әбішованың ұйымдастыруымен, 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен конференция болып өтті. Елбасы жайындағы кітаптар мен төл туындыларынан жасалған көрмесі, конференцияға шақырылған қонақтарды бей-жай қалдырмады.
Сондай-ақ, осынау акция шеңберінде №202 орта мектептің кітапханашылары Ғ.Закирова мен М.Сейтжанова «Тұлғаны тану - тарихыңды тану» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ғ.Закирова оқушыларға кітап құрылымы мен мазмұнынан толықтай мәлімет беріп өтті.