Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Серік Ибрагимов Түгіскенде тегін концерт берді

 Серік Ибрагимов Түгіскенде тегін концерт бердіЖаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Түгіскен» бастауыш партия ұйымы мен №209 орта мектебінің ұйытқы болуымен «Мектептен шыққан бір жұлдыз» атты кездесу шарасы өтті. Жүздесудің бас қонағы– әнші, Түгіскеннің тумасы, аталмыш мектептің түлегі Серік Ибрагимов. Кездесу барысында Серіктің балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері тақырып арқауына айналды. Алғашқы кезекте аудан әкімі Р.Рүстемов әншіге деген ақжарма лебізін жеткізді. Әрі партияның «Бақытты балалық» жобасына үлес қосқаны үшін арнайы «Алғыс хат» табыстады.
Одан әрі Серік Ибрагимовтың өнер жолындағы алғашқы ұстазы Құлахмет Нәлтаев пен бүгінгі продюсері Алтынбек Рахметовке мектеп ұжымы құрмет ретінде иығына шапан жауып, сый-сияпат үлестірді.
Соңыра, Серік өзінің «Вокзалда қауышқан қыз», «Жаяу» әндерін оқушылармен қосыла шырқап, жиылғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, бүгін кешкісін Аққорған ауылдық округінің орталық алаңында әнші Серік Ибрагимовтың ақысыз «Ассалаумағалейкум ауылым» тақырыбында концерттік бағдарламасы өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: