Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨНЕ ҚАЛАЛАРҒА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

 

Қызылордада мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтіп, онда көне қалалардың зерттелуі мен аймақтағы туристік кластерді дамыту мәселелері  талқыланды. 
Жиынды ашқан облыс әкімі, ғылыми-әдістемелік кеңестің төрағасы Қырымбек Көшербаев аймақта атқарылған шаралар туралы баяндады. Облыс әкімі  ғылыми-әдістемелік кеңестің қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, Қазалы және Қармақшы аудандарында өлкетану мұражайлары, Ыбырай Жақаевтың туған жері – Шиелі ауданында күріш өсіру тарихы мұражайы ашылғанын, биыл көне қалалар-Сығанақ, Жанкент және Шірік-Рабатта қазба жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. 
Мұнан соң кеңес мүшелері алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның ішінде «Байқоңыр» кешені номинациясының перспективалары мен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларының тізіміне философ, композитор Қорқыт атаның күйлерін енгізу, сонымен қатар аймақтағы этнотуризмді дамыту мәселелері талқыланды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: