Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТКІЗДІ

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТКІЗДІ1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қазалы аудандық орталық кітапханасында «Мейірімділік – асыл қасиет» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. 
Шараға ауданда тұратын түрлі ұлт өкілдері, кітапханашылар, оқырмандар, студент жастар қатысты. Шараның мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде Елбасы Жарлығымен бекітілген жаңа мерекені атап өту.
Жиынға жиналғандар бүгінгі мерекенің мән-маңыздылығына байланысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Аудандық балалар әуез мектебінің директоры Сәукен Әліш балалар әуез мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына орай шығарылған кітабын кітапхана ұжымына сыйға тартса, өзге де оқырман азаматтар өздерінің естелік кітаптарын берді. Кеш соңында Алғыс айту күніне қатысып, пікір білдірген оқырмандар Алғыс хат, естелік кітаптармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: