Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Бибігүл Төлегенованың шәкірті концерт берді

Бибігүл Төлегенованың шәкірті концерт бердіӨткен жұмада Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театры сахнасында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Самал Байсейітованың шығармашылық кеші өтті.
Кешке әншінің ұстазы КСРО Халық артісі Бибігүл Төлегенова қатысты. Сонымен қатар, кеш қонақтары әнші Фархат Кубиев пен Қуаныш Құттымұратов және Самал Байсейітованың шәкірттері өнер көрсетті. Концертте Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі және Қазанғап атындағы музыкалық колледждің хоры қатысты. Дирижері Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзе басқарды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: