Баян Есентаева өзін тойға шақырмағаны үшін Айдана Меденоваға өкпелеп қалды
Танымал продюсер Баян Есентаева өзі жетекшілік ететін "Кешью" тобының құрамында болған Айдана Меденоваға өкпелеп қалды.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында хабарлайды.
"Маған Айдана Меденованың тойына неге бармадыңыз деп жазып жатқандар көп. Ендеше, жауап берейін! Айдана бес жыл бойы жақсы жұмыс істеді. Ол талантты әрі жауапкершілігі мол әнші болатын. Келісім-шарт ақпанда аяқталып, Айдана өз ісімен айналысуда. Мен Айдана тойға шақыру билетін арнайы әкеліп беретін шығар деп күттім", - деп жазады Баян.
Ол тойға шақыру үшін ең болмаса телефон да шалмады деп Айданаға өкпелі екенін жазған.
"Мен тойға шақыру билетін әкеліп беруге тұратын шығармын. Алайда, менің билетімді ол Кәмшат Жолдыбаевадан беріп жіберіпті. Соған қарағанда, тойдың қамымен жүрген Айдана маған келіп-кетуге бес минут таппаған сияқты. Мен не шақыру билетін, не болмаса смс арқылы шақыру алмадым. Тіпті, вотсаппен жазып та жіберген жоқ", - деп ренішін білдірді Есентаева.
Осылайша, Баян Есентаева кезінде өзінің шәкірті болған Айдана Меденованың тойына неге бармағанын түсіндірді.
Еске сала кетейік, талантты әнші Айдана Меденова 22 наурыз күні тұрмыс құрған болатын.