Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Бұқарбай мен керейт Меңлінің достығы

Кіші жүздің Жетіруынан тарайтын Табын жəне Керейт аталықтары атам заманнан бері тонның ішкі бауындай сыйластықпен күн кешкен, қыз алысып, қыз берісіп, бір-бірімен құдандалы-жекжат болып кеткен жандар.
 Бұлардың осы бір шынайы достығы ел басына екі талай күн туған кешегі дүрбелең кезеңдерде де суымаған. Бұлар ортақ жаумен тізе қосып, үзеңгі қағыстыра шайқасқан. Кенесары хан қосынында Алатау баурайында Бұқарбай батырмен бірге соғысқандардың қатарында Керейт азаматтары да аз болмаған. Солардың бірі жəне бірегейі Меңлі есімді жарақты жігіт көрінеді. Бұқарбайдың арғымағы жараланып, жаяу қалғанда Меңлі еш ойланбастан астындағы атын сыйлап, ұрыс қимылдарын əрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасайды. Қырғыздардың құзырында қалған Меңлі əскери тұтқын ретінде Сібірге айдалады. 10 жыл бойы адам айтқысыз ауыртпалықтарды бастан өткереді. Мерзімін өтеген соң елге аман оралып, 60 жасқа таянған шағында отау құрып, той жасайды. Сый-сыяпатымен осы тойға келген Бұқарбай батыр терең бір тебірініспен: – Аман ердің аты шығады деген осы, шырағым. Сенің со бір қысылтаяаң сəттегі азаматтығыңды əлі күнге дейін ұмыта алар емеспін. Ұмытылмайтын да ерлік болды мұның. Осы мəрттігіңмен сен тек менің ғана емес, бірнеше жүздеген жерлестеріңнің өмірін аман сақтап қалдың. Тар шатқалдың ішінде шығарға жол таппай қиналып жатқан азаматтарды сол жолы бірін қалдырмай аман алып шықтым. Бұл əуелі Құдай, содан соң сенің арқаңда мүмкін болды. Қазақта «Əкесі достың баласы да дос» деген нақыл сөз бар ғой. Дос болғанда да біздер қарулас, қанды көйлек достармыз. Олай болса, біздің достығымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беруі тиіс. Алла нəсіп қылса, ертең балалы-шағалы боласың. Осы аманатымды ұмытпағайсың, – десе керек. Бұқарбай батырдың лебізі қабыл болып, Меңлі бас-аяғы бесалты жылдың ішінде үш бірдей ұлдың əкесі атанады. Оларға батыр ағасының бауырынан өрген Арыстан, Алданазар жəне Көтібар сынды балаларының есімдерін береді.

 Құрметті журналист, Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі 
Ахат Жанаевтың мұрағатынан
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: