Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АУДАН ӘКІМІ НҰРБЕРГЕН ТАСТАЕВТЫҢ ОТБАСЫНДА БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ НҰРБЕРГЕН ТАСТАЕВТЫҢ ОТБАСЫНДА БОЛДЫЖаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов өмірден ерте өткен белгілі өнерпаз, сазгер ақын Нұрберген Тастаевтың отбасында болып, ақынның жары Ботакөз Орынбасарқызын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, арнайы сый-сияпатын табыстады. 
Сондай- ақ ақынның мүмкіндігі шектеулі қызы Ақтоты Тастаеваның жағдайымен танысты. Айта кетейік, Нұрберген Тастаев қысқа ғұмырында қызметпен өнерді қатар алып жүрді. Ол кісі арқалы ақын, тілге жүйрік шешен, жырау, термеші, сазгер, әншілігімен елдің есінде қалды. Осындай жемісті еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері атанды. Ол республика көлемінде өткен шараларға айтыскер ақын, жырау, термеші ретінде қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 1991 жылы Мәскеу қаласында өткен ораторлардың (шешендердің) Бүкілодақтық ІІ байқауының дипломанты, Бүкілодақтық «Білім» қоғамының Мәскеуде өткен Х съезінің делегаты, 1997 жылы Бексұлтан Байкенжеев атындағы І облыстық компазиторлар фестивалінің лауреаты болып, І дәрежелі дипломмен марапатталған. Нұрберген ағамыз көзі тірісінде 50- ге тарта ән шығарған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: