Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖҮРСІН ЕРМАНҒА ОТА ЖАСАЛМАҚШЫ

ЖҮРСІН ЕРМАНҒА ОТА ЖАСАЛМАҚШЫ

 

Қазақ айтысының қара нары, ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман аурухана түсті. Бұл туралы ақынның өзі Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.
«Ауруxанада жатырмын. Бітеліп қалған қан тамырларыма ота жасамақшы. Осыдан аман шықсам, бір жоспарым бар:
Алтын домбыра туралы әртүрлі әңгіме айтылды ғой. Анығы Аллаға аян. Болатбек пен Мұxтардың арасында уақыты шектеусіз жекпе-жек айтыс өткізгім келеді. Тікелей эфирде», - деп жазды Ж.Ерман.
«Көрсетілімді қай телеарна мойнына ала алады? Демеуші болғысы келетіндер бар ма? Төрелікті xалық жасаса қайтер еді? Қандай жолмен? Ақыл қосыңдар. Пікір айтыңдар. Сырттан сынай беру оңай ғой. Ішінде болыңдар. Ұлт өнеріне шын жанашыр болсаңдар, соңынан жұдырық білеп әркімді ғайбаттағанша, қазір көмекке келіңдер.
Жобаны жүзеге асыру үшін мен өліп қалмауым керек, дұғаларыңа қоса жүріңіздерші», - деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра-2016» республикалық ақындар айтысында Сыр өңірінің ақыны Мұхтар Ниязов екінші рет жеңімпаз атанды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: