Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мерейлі отбасыларға марапат жасалды

Халықаралық жастар күні мерекесі қарсаңында Жалағаш ауданында "Отан - отбасынан басталады" тақырыбында кездесу болып өтті. Оны "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы, "Жас Отан" жастар қанаты аудандық бөлімшесі, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімі, "Жастар ресурстық орталығы" КММ Жалағаш аудандық бөлімінің ұйымдастырды.
  

Мерейлі отбасыларға марапат жасалды

 
Аудандық оқушылар үйінде өткізілген шараға Жалағаш ауданының мақтанышы, аудандық, облыстық "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары Нұрманбетовтер отбасы және Бақбергеновтер отбасы арнайы шақырылды. Шараға барлық ауылдық округтерден шақырылған жастар қатысып, отбасы татулығы мен бірлігі, "Бақытты отбасының" негіздері туралы байқау жеңімпаздарының өздерінің айтуымен кеңінен мағлұматтар алды.
Сонымен қатар, жастар арасындағы ажырасу себептері мен салдары, жастар тәрбиесі, мемлекеттік жастар саясаты туралы мәселелер қозғалып, қатысушыларға сала мамандары тарапынан толықтай мәліметтер берілді.
Кездесу соңында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева «Мерейлі отбасы» ұлттық отбасылық байқауының жеңімпаздары Б.Нұрманбетов пен Ж.Бақбергеновке аудан әкімі Т.Дүйсебаевтың Алғыс хатын тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: