Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жалпыхалықтық оқуға «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды

Жалпыхалықтық оқуға «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды«Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комиссиясының шешімі бойынша 2015 жылы жалпыхалықтық оқуға І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды.
 Аса көрнекті жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Көшпенділер» трилогиясын насихаттау мақсатында жыл көлемінде Қызылорда облысы кітапханалары бойынша атқарылатын шаралар жоспары бекітіліп, насихат жұмыстары басталды.
«Көшпенділер» трилогиясының алтын желісі, негізгі өзегі - қазақ халқының саясат бұғауы, шовинизм құрсауымен беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту болды. Кітап 3 млн данамен 50 реттен аса шығарылып жарық көрген, әлемнің 30 тіліне аударылған бұл шығарма уақыт өткен сайын тарихи құндылығымен биікке көтерілуде. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кезеңімен тұспа-тұс келген кезеңде «Көшпенділер» тарихи шығармасын ел болып оқып, танысып, талқылаудың жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: