Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мейрамбек Бесбаев ұлын перзентханадан шығарды (ВИДЕО)

"Музарт" тобының белді мүшесі, елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев ұлын перзентханадан шығарды. Бесбаевтар әулетіндегі көптен күткен қуанышқа бүкіл қазақ халқы ортақтасқан еді. Мейрамбектің телефонына тыным бермегендер өз алдына, әлеуметтік желілерде мега-жұлдыздың екінші рет әке атанғанына қуанып, тілек жазғандардың саны өте көп болды. Әріптесім Аида Боранбай да әнші мен оның жары Мархабатты ұлды болуларымен құттықтап, "31 арна" көрермендеріне эксклюзивті материал әзірледі. 

 

Бұл құшақ-құшақ гүл мен әдемі шарларын қолына ұстап, перзентхана алдында тағатсыздана күтіп тұрған Мейрамбек Бесбаевтың ең жақын дос-жарандары мен туыстары. Сәкен де, Кенжебек те, Музартқа жиі сөз жазатын ақын Талант Арғынғали да осында. Сондай-ақ бұл қуаныштың басты иесі, Мейрамбектің әжесі шөбересін перзентханадан шығарып алуға арнайы келіпті.
Бұл кадрларды тек біздің арна түсірді. Қазақ эстрадасындағы мега жұлдыз Бесбаевтың қуанышына тек 31 арна журналистері ғана арнайы шақырылды. Қолына сәби ұстаған Мейрамбектің бүгін ең бақытты күні.Таспаға жазылған кадрлар әншінің нағыз тыңдармандарын бей-жай қалдырмасы анық.
Бесбаевтың ұлы Алматы қаласындағы нөмірі үшінші перзентханада дүниеге келді. Әншінің сәбиін достары әндетіп шығарып алды.
Расында да бақыттан басы айналған әке сезімін жеткізе алмады. Толқығаны соншалық сөйлемей-ақ қояйыншы деді.
Бесбаев мырза ұлын аппақ джипке мінгізіп алып кетті. Ал, қызы Кәусар енді інілі болғанына қуанышты.
Ұл сыйлаған Мархабатқа, Мейрамбек не сыйлайды екен? Әнші өмірінде бірінші рет камера алдында келіншегін қалай еркелетті?
"Жұлдыздар жарқырайды" жобасы тұңғыш рет Мейрамбек Бесбаевтың шаңырағында қонақта. Әншінің үйінде жалғасқан тойда кімдер ән айтып, би биледі?
Эксклюзивті бейнематериалдың толық нұсқасын, бар қызықтарымен қоса назарларыңызға алдағы жұма күні "Жұлдыздар жарқырайды" жобасында ұсынатын боламыз. Өткізіп алмаңыздар.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: