Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбабап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 1 қазан күні №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 1-қазан Халықаралық Қарттар күніне орай және Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арнап «Жан жылуын сыйлаймыз» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қызмет алушыларға Елорда - Астана қаласының қалыптасуы, Қызылорда қаласы туралы сыр шертетін әр кезеңдегі әдебиеттермен 30-ға жуық фотоматериалдар, кітапханаға соңғы келген көркем әдеби шығармаларды таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Көрмеге 125 кітап және мерзімді басылымдар қойылды. Көрмеге Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар», «Еуразия жүрегінде» кітаптары, Зәуре Туреханованың «Сердце нашей родины – прекрасная Астана» документалды повесі, Елбасы сыйлығының лауреаты, белгілі публицист Айтбай Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі» тарихи-деректі кітабы, «Қазыналы Қызылорда», «Менің Отаным – Қазақстан» сериясынан шыққан Б.Кәрібозұлының «Қызылорда» кітабы, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің әңгімелері мен романдары топтастырылған «Көкбалақ» атты кітабы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы туралы «Бостандық жырының бозжорғасы» атты еңбектер қойылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: