Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылордалық режиссер кино түсірді

Қызылордалық режиссер кино түсірдіҚызылорда қаласында өз жұмысын бастаған "Dala Sinema” cтудиясы көрермен қауымға толымды туындыны ұсынды. Бұл орталықтың тұсау кескеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан жұртшылыққа жаңашыл жобаларды ұсынуға мән беріп отыр.
Орталық директоры Қайрат Сағынаевтың айтуынша, алдағы уақытта кәсіби деңгейдегі киностудия деңгейіне жету алға мақсат ретінде қойылған. Қазіргі таңда түсірілімдерге демеушілер қолдау көрсетіліп келеді. Келешекте орталық "Қазақфильмнің” тендерлеріне қатыса отырып, көрерменді түрлі туындылармен көзайым етуге ниет білдіруде. Рас, елімізде бұл салада тың ізденістер баршылық. Өкінішке орай, сондай ілкімді ізденістерден біздің аймағымыз сырт қалып келеді. Ендігі кезекте сол олқылықтың орнын толтыра отырып, Сыр өңірінде киноиндустрияны дамытуға мән берілмек. 
Қ.Сағынаев бұл салада тыңнан түрен салғанымен, облыс жұртшылығы оны тележурналистика саласындағы тәжірибелі маманның бірі ретінде біледі. Ол көптеген деректі фильмдерді түсіруге көңіл бөлді. Тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан, Грузия, Украина елдеріне барып қайтты. Онда АҚШ-тың Голливуд мамандарынан дәріс алды. Киносценарий дайындау бойынша мол мағлұматқа қол жеткізді. 
Шығармашылық құрамда 11 адам қызмет атқарады. Олардың қатарында облысқа телевидение саласындағы жұмыстарымен белгілі режиссер Айтмұхамбет Байділдаевты ерекшелеп айта кеткеніміз артық емес. Сондай-ақ, актерлер мен операторлар сол топты толықтырады. Бұл мамандар көпшілікке "Кем дүние” деген туындыны ұсынып отыр. Оның желісі төмендегіше өрбиді. Қысқа метражды фильм махаббат тақырыбында түсірілген. Жас кәсіпкер Санжар қарапайым отбасында тәрбиеленген суретші Айсұлуды сүйіп қалады. Жастар алдында өте қиын таңдау тұрады. Әсірісе, мұндай көңід-күй Санжардың басынан жиі өтеді. Оқиға соңы қалай аяқталады? Оған туындыны тамашалау барысында толық мағлұмат алуыңызға болады. 
Фильмде басты рөлдерді Данияр Сабыров (Санжар) және Әлия Бермаханова (Айсұлу) сомдайды. Олар бұл салада алғаш рет өз бақтарын сынағанымен жұртшылықа қызықты образ сомдауға күш салғаны аңғарылады. Әрине, Даниярдың мамандығы актер, Н.Бекежанов атындағы драма театрда қызмет етеді. Ал "Болашақ” университетінің студенті Әлия ір мәрте ғана әуесқой кинода түскен. Осыған қарамастан жас актерлер өз кейіпкерлерін барынша намыды түрде сомдауға мән берді. Жұртшылық бұл туындыны 23-24 желтоқсанда "Жібек жолы” ойын-сауық орталығында өтеді.
  "Dala Sinema” cтудиясы алдағы жылы тағы да екі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Оның алғашқысы 1937 жылғы саяси зобалаң тақырыбында өрбісе, одан кейін Жеңістің 70 жылдығына арналады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: