Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен аудандық мәдениет Орталығының ұйымдастыруымен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді.
Байқауға қатысқан талапкерлердің өнеріне аудандық кітапхананың бөлім меңгерушісі Елдесбай Мағрипа, Әйтеке би кенттік клубының меңгерушісі Асқар Кенже-Әлі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Әжімұрат Бекзат баға берді.
Нәтижесінде Әйтеке би кентіндегі №226 гимназияның 11-сынып оқушысы Әбдісамит Қаракөз бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Бекарыстан би ауылдық №24 мектептің 11-сынып оқушысы Өмірзақ Назерке, Жанқожа батыр ауылдық №94 мектептің 9-сынып оқушысы Кемал Феруза, үшінші Әйтеке би кентіндегі орынды №204 мектептің 10-сынып оқушысы Қарлыбай Гүлнұр, №70 мектептің 10-сынып оқушысы Әбілдос Рамазан, Бозкөл ауылдық №96 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрғали Шерхан иеленді. Бір топ көркемсөз оқудың шеберлері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.